
2022 жылғы 17 мамырда «Antikor Ortalygy» алаңында оф-лайн режимінде облыстың мәдениет саласындағы мемлекеттік органдары мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арналған комплаенс-қызметтердің және облыстық басқармалардың барлық ведомстволарына қарасты ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру бойынша семинар-кеңес өткізілді. Семинарға аудандық бөлімдердің жауапты қызметкерлері Zoom платформасы арқылы қосылды.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы Е.В. Карпова облыста «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» (ТБН-4) үлгілік базалық бағытының іске асырылуы туралы түсініктеме берді, оның шеңберінде комплаенс-қызметтердің жұмысын үйлестіру жүзеге асырылады.
ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Превенция басқармасының бас мамандары Г.К. Байқадамова мен Ж.К. Кусаинова әдістемелік көмек көрсету мақсатында парасаттылық қағидаттарына негізделген ішкі корпоративтік мәдениетті қалыптастыру нормаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелерін түсіндірді.
Семинарда комплаенс-тәуекелдер және комплаенс-бақылау тақырыптарын реттейтін негізгі тетіктеріне, тоқсан сайынғы есептілікті жасау қаралды.