Бүгін Өскемен қаласының 28 шағын ауданына барып, жағдайды бақылап қайттым. Онда ауқымды көлемде жеке тұрғын үй құрылысы жүргізілуде, 54 жобалық үй пайдалануға берілді. Сонымен қатар 1000 - нан астам жер учаскесі дайын. Барлық қажетті инженерлік инфрақұрылым жүйесі қарастырылған - жолдар, балалар алаңдары және басқа да абаттандыру нысандары. Көктемде жер асты сулары деңгейінің өсуіне байланысты мәселе туындағаны рас. Қазір арнайы құжаттар дайындалып, барлық қажетті жөндеу жұмыстарды басталады. Бұдан басқа, жағдай қайталанбауы үшін қосымша геологиялық зерттеулер де жүргізіледі. Қажет болған жағдайда мұнда суларды бұру технологиясы қолданылады. Шағын ауданда мектеп, үш балабақша және жүз орындық емхана салу жоспарланған. Сонымен қатар, мен аудандағы үйлердің жобалары әртүрлі болуы үшін өзге жобаларды дайындауды тапсырдым. Қазірдің өзінде салынған 54 үй өте ыңғайлы әрі заманауи. Жақын арада бұл облыс орталығындағы ең перспективті аудандардың біріне айналары сөзсіз.