
«Qazaqstan Project Management Awards» жобалық басқару жөніндегі ұлттық Конкурс (бұдан әрі – ұлттық конкурс) мемлекеттік органдардың және жобалау қызметінің басқа да қатысушыларының жобалық кемелденуін айқындау құралдарының бірі болып табылады. Ұлттық конкурсқа қатысушылар мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор ұйымдары, бизнес-қоғамдастық, үкіметтік емес ұйымдар және жоғары оқу орындары болып табылады.
Қолданылатын жобалау әдістерін және жобалық басқару процестерін орындау сапасын бағалау жобалау қызметіне қатысушылардың құзыреттерін дамыту деңгейі туралы, жобалық тәсілдерді пайдалану мен енгізуде, оның ішінде жаңа, халықаралық танылған әдістер мен стандарттарды пайдалануда проблемалық мәселелердің болуы туралы түсінік береді.
Ұлттық конкурс өз қызметіне жобалық менеджменттің әдістері мен құралдарын белсенді енгізетін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған және ұйым қызметкерлерінің көшбасшылығы мен жаңа құзыреттерді дамытудағы уәждемесін арттыруға бағытталған. Ұлттық конкурсты өткізу тәжірибесі көрсетіп отырғандай, ұлттық конкурс процесіне қатысу және оған қатысу оның қатысушыларының жобалық кемелденуін арттырады.
Анықтамалық:
«Qazaqstan Project Management Awards» конкурсы алғаш рет 2020 жылы мемлекеттік органдар арасында өткізілді.
2021 жылы конкурс IPMA «Global Project Excellence Awards» Дүниежүзілік конкурсына жоба ретінде ұсынылып, онда «алтын марапатқа» ие болды, бұл ҚР-да қолданылатын жобалық тәсілдердің халықаралық сарапшылық қоғамдастығының жоғары бағаланатынын куәландырады.
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 358 қаулысымен бекітілген жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес Конкурс «ұлттық» мәртебесіне ие болды және жыл сайын өткізіледі.
Ұлттық конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмыс Қағидалардың 102-тармағына, сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 20-64-11.2-14, 2021 жылғы 1 наурыздағы № 21-223-5, 2021 жылғы 14 шілдедегі № 21-3055 (20-64-11.2)-2 тапсырмаларына сәйкес жүргізіледі.
Жобалық қоғамдастық арасында ұлттық конкурстың имиджі мен құндылығын арттыру мақсатында Ұйымдастыру комитеті 2021 жылы «Алтын Сапа» алаңында конкурс жеңімпаздарына сертификаттар тапсыру туралы шешім қабылдады.
Ұлттық конкурс 2022 жылдың 1 маусымынан басталады және үш номинация бойынша өтеді: «Үздік жобалық кеңсе», «үздік жоба» және «үздік жоба менеджері».
Сондай – ақ, «үздік гендерлік жоба», «үздік жоба -балаларға мейірімді»; «үздік PM-жаттықтырушы (кеңесші)» номинациялары аясында арнайы сыйлықтармен марапатталатын жеңімпаздар анықталады.
Әр номинацияда «алтын», «күміс» және «қола» жеңімпаздары анықталады.
2022 жылы «Жылдың үздік жоба менеджері» номинациясы бойынша «Алтын жеңімпаздарға» сертификаттар, сондай-ақ «Алтын Сапа» алаңында ұлттық конкурстың эмблемасы бар арнайы жүлделер ұсынылады.
Сонымен қатар, ҚР Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 «бюрократиясыздандыру туралы» Жарлығымен қарастырылған мемлекеттік аппарат қызметін жетілдіру аясында «мемлекеттік органдар» санаты бойынша «үздік жоба» номинациясында «мемлекеттік аппарат қызметін жетілдіру бойынша үздік жоба» үшін арнайы жүлде қарастырылған.