ШҚО әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

ШҚО әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

ШҚО әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

 Бүгін облыс әкімі Даниал Ахметов «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, түйткілді мәселелер бірлесе шешілді. 20-дан астам өтініш қаралды.

⠀Келіп түскен сауалдарлың ішінде жанар-жағармай құю станциясы құрылысына шағым түсірген Назарбаев даңғылындағы 85 үй тұрғындарының кезекті шағымы. Қалалық сот олардың арыздарын қанағаттандырмады. Сондықтан тұрғындар қазіргі таңда апелляциялық шағым дайындауда. Облыс әкімі Даниал Ахметов ішкі тексеру жүргізіліп, жиналған материалдардың облыстық прокуратураға тапсырылғанын жеткізді. - Мемлекет заңнамасын бұзған барлық жауапты тұлғалар тиісті жазасын алады, - деді аймақ басшысы.
⠀Облыс орталығының тағы бір тұрғыны Кәкен Әділов ҰОС ардагерлеріне арналған саябақ пен ескерткіш салу туралы ұсыныспен келіпті. Биыл қалалық әкімдік жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға кіріседі, келер жылы құрылысы басталмақ. Бұл күні студент баласының аймақтық деңгейде бөлінген грантын сақтай отырып, Семейден Өскемен университетіне ауыстыру туралы Әбілхан Хамиттің де өтініші қабылдау барысында оң шешімін тапты.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі