
Жастар театры 31 наурыз-1 сәуір күндері Катонқарағай ауданы Катонқарағай,Үлкен Нарын ауылдарында күні кеше "МАСКА" сыйлығының "Ең үздік спектакль" номинациясын жеңіп алған "Өмір-өзен" музыкалық қойылымымен гастрольдік сапарда болып қайтты.
Қашан да өнер десе іштен асын жерге қоятын Катонқарағайлықтар гастрольдік сапардың екі күнінде де мәдениет үйлеріне ағылып келіп, қойылым аншлагпен өтті, сондай-ақ, аудан жұртшылығы шығармашылық ұжымға жылы лебіздерін білдіріп жатты.
Айта өтейік, барлық гастрольдік сапарлар "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасының аясында өтуде.