Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2022 жылғы 21 сәуірде сағат 11.00-де Өскемен қаласы, М.Горький көшесі 40 мекен-жайында (мәжіліс залы 501 каб) Қоғамдық кеңес отырысы өткізетіндігі туралы хабарлайды.
Қарастырылатын сұрақтар:
- Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Шығыс Қазақстан облысының 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері және 2022 жылы даму келешегі туралы» есебі.
- Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі төрағасының «Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің 2021 жылы атқарған жұмысы және 2022 жылға жоспарлары жайындағы» қосымша баяндамасы.
- Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау және ұсынымдар беру.
Ақпарат алуға арналған байланыс телефоны: (8-7232) 713-195