
Бүгін сағат 15.00-де «Археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытудың аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру туралы» ШҚО мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжановтың қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті.
Сондай-ақ, баспасөз-конференциясына онлайн режиімінде тарих ғылымдарының докторы, танымал археолог Әбдеш Төлеубаев пен Назарбаев Университетінің түркология кафедрасының оқытушысы Жүнісханов Айдын, облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім жетекшісі Батпаева Альфия қатысты.