
2022 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысының орынбасары А.Б. Сабуровтың қатысуымен Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мемлекеттік қызметшілерінің кездесуі өтті. Қатысушылардың назарына басқарма қызметкерлерінің біріне қатысты қылмыстық істі тергеу нәтижелері бойынша шығарылған қылмыстық құқық бұзушылық жасауға және басқа да заң бұзушылықтарға ықпал ететін мән-жайларды жою жөніндегі (ҚР ҚІЖК 200-б. тәртібінде) ұсыныс жеткізілді. Сонымен қатар, кездесуде жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жағдайы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асырудың жаңа тәсілдері талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзуға жол бермеуге бағытталған тапсырмалар мен ұсыныстар енгізілді.