Бүгін Риддерді жылумен қамту мәселесімен айналысатын жұмыс тобы өздерінің алғашқы қорытындыларын шығарды. Бірден айта кетейін, бізде Риддер ЖЭО басшылығына көптеген сұрақтар туындады. Олар барлық желілерді біздің балансымызға толығымен аудармақшы, бірақ бұл олардың қалыпты жұмыс жағдайында ғана мүмкін болады. Біз өз тарапымыздан қалыптасқан жағдайды егжей-тегжейлі түсінуге дайынбыз: тарифтік жоспарлардан бастап тұтынушыларды жылумен жабдықтау бойынша міндеттемелерді орындауға дейін. Соңғы үш жыл ішінде ЖЭО бесінші турбинаның апаттық тоқтап қалуына байланысты үлкен шығындарға ұшырады, қазір ол жөнделді. Риддердегі ЖЭО - жеке компания екеніне қарамастан, "Электр энергетикасы туралы" ҚР заңына бағынуы маңызды. Комиссия өз жұмысын жалғастырады, соңғы тұжырымдардан кейін біз келіссөздер үстеліне отырып, жылу көзінің әрі қарайғы қызметінің шарттарын талқылай аламыз.