Кеңесте ТҮКШ саласының маңызды тұстары, атап айтқанда сумен жабдықтау және ауыз сумен

Кеңесте ТҮКШ саласының маңызды тұстары, атап айтқанда сумен жабдықтау және ауыз сумен

Кеңесте ТҮКШ саласының маңызды тұстары, атап айтқанда сумен жабдықтау және ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерін талқыладық. Өңірде қала халқының 96,4% - ы және ауыл халқының 91% - ы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бұл республикадағы ең жақсы көрсеткіштердің бірі, ал 2015 жылы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша біз соңғы орында болдық. Мен биылғы жылы "Ауыз су" бағдарламасы бойынша алдағы 3 жылға ЖСҚ әзірлеуді тапсырдым. Сондай-ақ, әрбір қала және аудан әкімі кесте жасап, жобаларды іске асыру үшін басым елді мекендерді анықтауы тиіс. Қазіргі уақытта Алғабас, Ақтоғай, Бобровка, Пролетарка сияқты елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ әзірленуде. 2021 жылы бастаған жобалар аяқталу сатысында және осы жылы сумен жабдықтау бойынша 34 жобаға тендерлер жарияланды. Нәтижесінде 44 елді мекенде сумен жабдықтау жүргізіліп, 30 мыңнан астам адам таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Әрбір әкім 10 күн ішінде су құбыры желілерін қайта құру жобаларын ұсынуы тиіс. Құрылыс-жөндеу жұмыстары маусымы басталғанда біз барлық дайындық рәсімдерін аяқтауымыз керек.