Қала және аудан әкімдерімен кеңес өткіздім. Өңірлерге жасаған сапарларым мен қоғамдық кездесулердің нәтижелері бойынша белгілі бір тұжырымдар жасалды. Атап айтқанда, жергілікті атқарушы билік халықпен етене жақын болуы керек. Азаматтардың сұрақтарына ашық және уақтылы жауап беріп, олардың мәселелерін тиімді шешіп, бар шындықты халыққа жеткізе білуі тиіс. Өйткені атқарылған жұмыс аз емес. Халық оны біліп, ой қосу керек. Сондай-ақ, кеңес барысында Өскемен мен Семейдегі индустриялық аймақтар мәселесі қаралды. Мультипликативтік әсері бар жобалар, яғни жаңа жұмыс орындары құрылып, өңірдің әлеуметтік әлеуетін арттыратын жобалар қатарын арттыру тиіс.
Білім беру саласына тоқталсақ, 1 ақпаннан бастап біздің педагогтар балаларды ауызекі қазақ тіліне үйрету міндетін алға қойып, көптілділік бағдарламасы аясында өз біліктіліктерін арттыра бастады.
Әзірге кейбір елді мекендерді Интернетке қол жеткізумен қамтамасыз ету мәселесі ашық күйінде қалып отыр. Осы ретте энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, цифрландыру басқармаларының басшыларына жағдайды талдап, оны шешу жолдарын қарастыруды тапсырдым. Қажет болса, біз қосымша антенналар мен мұнараларды жеткізуге дайынбыз. Сәуірге дейін барлық басқарма бастықтары, менің орынбасарларым және қалалар мен аудандардың әкімдері бірінші кезектегі міндеттерді көрсете отырып, әрбір ауыл мен кентті дамыту бағдарламаларын дайындайды. Әрбір елді мекенге куратор бекітіледі. Жайылымдық жерлерді тікелей пайдалануға қайтару мәселесіне келетін болсақ, облыс осы көрсеткіш бойынша көш бастап тұр және алдағы уақытта бұл жұмыс жалғасатын болады.