Үржар әуежайының құрылысын аяқтау және қайта жаңарту мәселесі бойынша кеңес өткіздім. Бұл жоба "Жұмыспен қамтудың жол картасы"бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Үржар ауданында біздің туристік кластер, яғни Шығыс Қазақстанның інжу-маржаны-Алакөл көлі бар. Сондықтан маусымның басында әуежай туристерді қабылдай алуы өте маңызды. Бұл-өңірдегі осы саланы дамытудағы үлкен қадам. Қазір басты кезеңдердің бірі – ұшақтарды түнгі уақытта қабылдауға мүмкіндік беретін заманауи жарық-дабыл жабдығын орнату. Мен сараптамалық компанияларды шақыруды тапсырдым, олар қондырғының дұрыс және ауытқуларсыз жасалғанына көз жеткізуі шарт. Ұшулар мен жолаушылардың қауіпсіздігі нақ осыған байланысты. Ұшу-қону жолағындағы жұмыстар аяқталуда, оның ені 35 метрге, ал ұзындығы 2,7 километрге дейін ұлғайды. Жаңғыртудан кейін Үржар ауылының әуежайы шағын авиацияның ғана емес, сонымен қатар Embraer, Bombardier класты және басқа да ұшақтарды қабылдай алады. Бұл Алакөл көлінің жағалауындағы туристер ағынын арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, қайта құру жұмыстары аяқталғаннан кейін Үржар әуежайы ғимаратының өткізу қабілеті сағатына 150 жолаушыға дейін артатынын атап өткім келеді.