
Кеше, ШҚО Кәсіподақтар орталығының бастамасымен облыстық әлеуметтік серіктестіктер жөніндегі үш жақты комиссияның кезекті отырысында Облыстық келісімнің, атап айтқанда, келесі тармақтарының орындалуы туралы ШҚО облыстық басқармалары басшылары тыңдалды.
Тыңдалған ақпараттың қорытындысы бойынша облыс басқармалары басшылары мен қала және аудан әкімдерімен бірлескен өздеріне алған міндеттемелерді орындау бойынша жұмысты жалғастыру, сонымен қатар комиссия мүшелерін орындалу барысы туралы жүйелі түрде ақпараттандыру тапсырылды.
Бұдан басқа, отырыс барысында өткен отырыстың «Востокмашзавод» АҚ-та жағдайды тұрақтандыруға, облыс кәсіпорындарынан босатылған жұмыскерлерді жұмыспен қамту, әлеуметтік аударымдар мен зейнетақылық жарналар бойынша қарызды өтеуге қатысты хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы ақпарат тыңдалды.
Комиссия отырысы кеңейтілген құраммен облыстың қала және аудан әкімдерінің, облыс басқармалары басшыларының қатысуымен өткізілді.
«ШҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ