Өңірімізде сәтті жүзеге асырылып, тұрғындардың жоғары қызығушылығына ие болған "Бір қабатты Шығыс"

Өңірімізде сәтті жүзеге асырылып, тұрғындардың жоғары қызығушылығына ие болған "Бір қабатты Шығыс"

Өңірімізде сәтті жүзеге асырылып, тұрғындардың жоғары қызығушылығына ие болған "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы шеңберінде жеке тұрғын үй құрылысы бойынша кеңес өткіздім. Мысалы, Өскеменде ғана 6000-нан астам адам өз үйлерінде тұруға немесе оны салуға дайын. Біз өз тарапымыздан тұрғындардың уақыт пен ақша үнемділігі мақсатында инженерлік инфрақұрылымы жүргізілген учаскелерді ұсынамыз. Осы ретте құрылыс басқармасы жылу желілерінің жағдайын талдап, қуаттылықты қай жерде арттыру керектігін анықтауы керек.
Өскемен мен Семей қалалары әкімдері бір апта мерзімде үй құрылысына тиімді учаскелерге бөлінген жобаларды әзірлеуі керек. Өйткені құрылыс маусымы басталған кезде, яғни сәуір-мамыр айларында барлығы дайын болуы тиіс. Сондай-ақ, бос учаскелерді жеке тұрғын үй құрылысына пайдалану үшін не істеу керектігін шешу қажет. Аталмыш бағдарламаны іске асыру бойынша Семей, Зайсан және Аягөз қалалары жақсы көрсеткішке ие. "Бір қабатты Шығысқа" барлық қалалар мен аудандар толықтай қатысуы керек, сол кезде ғана тұрғын үй мәселесі шешіледі. Ол үшін барлық елді мекендер бойынша ақпарат жинақтап, тұрғындар қолайлығы үшін учаскелерде коммуникация желілері толықтай тартылуы шарт.