Риддерге жасаған жұмыс сапары барысында Қазмырыш қала құраушы кәсіпорны салып жатқан ЖЭО-да болдым. Біз кәсіпорынның жаңа цехын пайдалануға бермей тұрып, қазандық қаланың тұрғын үй бөлігін ішінара жылумен қамтамасыз ете алатындай қуатты ұлғайту мәселесін талқыладық. Аталмыш мәселе арнайы келісім негізінде жақын арада қайта толықтай қарастырылатын болады. Сондай-ақ, жабық типті көп бейінді аурухана кешенінің жобасын әзірлеуге тікелей қатысқан Риддер дәрігерлерімен кездестім. Ауруханада барлық қажетті медициналық жабдықтар орнатылған. Ал ескі ғимараттың сапалығын ескере отырып, алдағы уақытта дәрігерлерге арналған тұрғын үйге айналдыру мәселесін талқыға салдық. Сонымен қатар 600 орындық мектептің құрылыс алаңында болдым, қарқыны жақсы, спортзалға арналған конструкциялар әкелініп қойған. Биылғы жылы заманауи және барлық стандарттарға жауап беретін оқу орны Риддер балаларына өз есігін айқара ашатын болады.