Жұмыс сапарымен Риддер қаласында болып, жұртшылықпен кездестім. Қала тұрғындары белсенді түрде қызықты сауалдарын жолдады. Биылғы жылы бірнеше маңызды жобалар жүзеге асырылады. Мәдениет үйі мен орталық алаңды қайта жаңарту жұмыстары басталады. Сонымен қатар көп бейінді аурухана кешенінің құрылысы мен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында да жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Бұдан басқа, "Ботаника" жаңа шағын ауданында көпбалалы отбасылар үшін 20 үй салуды бастаймыз. Риддерде көпбалалы 45 отбасы бар екен. Және де 600 орындық мектептің құрылысы аяқталуда. Бюджеттен жолдарды жөндеуге 560 миллион теңге бөлінгенін атап өткен жөн. Зейнеткерлердің өтініштерін ескере отырып, біз тек орталық көшелерді ғана емес, қаланың шет аймақтарын да асфальттауға тырысамыз.
Сондай-ақ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына Тарханка ауылы арқылы "Өскемен-Риддер" қысқа жолын салу туралы ұсынысты есептеп, дайындауды тапсырдым. Оның ұзындығы 60 шақырым ғана. "Қазмырыш" компаниясы өз қазандығын салуды аяқтайтынын ескере отырып, келесі жылыту маусымына ерекше назар аудару қажет.
Қалалықтардан бірнеше рет қаланың негізін қалаушы Филипп Риддерге ескерткіш орнату ұсынысы естілгенін және мұндай монумент жаңартылған алаңда пайда болады деп ойлаймын.