Ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі бойынша кеңес өткіздім

Ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі бойынша кеңес өткіздім

Ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі бойынша кеңес өткіздім. Бірден айта кетейін, өңір осы салада жақсы нәтижелерге ие. Бізде 63 сүт-тауарлы фермасы жұмыс істейді, олардың екеуі өткен жылы пайдалануға берілген болатын. 3 сүт қабылдау пункті бар, алдағы уақытта тағы екі пункт ашу жоспарда. Атқарылған жұмыстардың арқасында 2021 жылы тұрғындардан 63 мың тонна сүт сатып алынды, фермерлер болса 106 мың тонна сүт өндірді, бұл жақсы көрсеткіш. Шаруалардың элиталық асыл тұқымды мал өсіруге баса назар аударатыны қуантады. Атап айтқанда, "Багратион" компаниясы 300 басқа арналған СТФ ашуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, мен аудан әкімдеріне ауылшаруашылық кооперативтеріне бірігу мәселесін анықтауды тапсырдым. Және субсидия беру мәселесін мұқият қарастыру қажет. Егер жем-шөп базасы жеткіліксіз болса, онда мұндай шаруашылықта мал шаруашылығын субсидиялау бекер іс. Барлығын мұқият зерттеп, есептеу керек. Оның үстіне, қазір біз жайылымдық жерлерді тікелей пайдалануға қайтару бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Агросектор әрдайым басым бағыт болары сөзсіз. Тек қаражатты тиімді пайдалана білуіміз шарт.