
Бүгін облыстағы әлеуметтік нысандар құрылысы мен оларды салу жоспары бойынша кеңес өткіздім. Өткен жылдың өтпелі жобалары бар, олар міндетті түрде аяқталатын болады. Республикалық комиссия Шығыс Қазақстан өнеркәсіп саласындағы қазақстандық қамту бойынша жетекші орында екенін атап өтті. Аталмыш көрсеткіш 75 пайызды құрайды.
Әлеуметтік нысандарға келер болсақ, биыл Өскеменде студенттік жатақхана, Риддерде мектеп, Қайнар, Таврия және Бозанбай ауылдарында, Тарбағатай ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысын аяқтаймыз. Биыл Өскемендегі Абай даңғылындағы медициналық орталықта қабылдау бөлмесін қайта құру және диагностикалық бөлімшені жаңғырту басталады.
Әлеуметтік нысандарға келер болсақ, биыл Өскеменде студенттік жатақхана, Риддерде мектеп, Қайнар, Таврия және Бозанбай ауылдарында, сондай-ақ Тарбағатай ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысын аяқтаймыз. Және де Өскемендегі Абай даңғылы бойындағы медициналық орталықтың қабылдау бөлмесін және диагностикалық бөлімшені жаңғырту басталады.
Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету саласында да көптеген жобаларды іске асыру жоспары бар. Красина кентінде су құбыры желілерінің құрылысы бойынша жұмыстар аяқталуға жақын. Блокты-модульді станциялар Жаңа Шүлбі мен Шалқарда салынатын болады. Үржар ауданында су құбыры желілерінің құрылысының үшінші кезегі басталды. Шығысқазақстандықтардың өмір сүру сапасына қатысты аталмыш мәселелердің барлығы тұрақты бақылауда екенін айтып өткім келеді.