Аягөз ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан әкімінің әлеуметтік-экономикалық

Аягөз ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан әкімінің әлеуметтік-экономикалық

Аягөз ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан әкімінің әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі есебін тыңдап, жұртшылықпен кездестім. Айта кету керек, аудан көптеген көрсеткіштер бойынша көш бастап тұр. Атап айтқанда, өткен жылдың өзінде ғана 170-тен астам отбасы, оның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасылар баспаналы болды. Құрылыс қарқыны қазір де сақталуда. Бүгінгі таңда екі 60 пәтерлі несиелік тұрғын үй салынып жатыр.
Сондай-ақ, аудан тұрғындарының өзекті сұрақтарына жауап бердім. Осы жылы Аягөз қаласында екі көшеге жауынгер-интернационалистердің есімін беру жоспарланып отыр. Ауған соғысы ардагерлеріне үлкен құрметпен қараймын, біз әрдайым көмек пен қолдау көрсетуге дайынбыз. Жайылымдарды ұлғайту мәселесі де қозғалды. Бұл мәселе тұрақты бақылауда екенін айтып өткен жөн. Облыстың бос және пайдаланылмай жатқан жерлерінің басым бөлігі жайылым мен ауыл шаруашылығына қайтарылды. МЖӘ бағдарламасы аясында жаңа шағын ауданда балабақша салу бойынша кәсіпкерден ұсыныс айтылды. Біз бұл жобаны жақын арада қарастырамыз. Ауданда спорт орталықтарын салу бойынша жобалар бар, жолдар мен көшелерді жөндеуді жалғастырамыз, сондай-ақ агробизнестегі жобалар да өз жалғасын табады. Жалпы Аягөз ауданының даму қарқыны қуантады, бұл динамика алдағы уақытта да сақталады деп ойлаймыз.