
Бородулиха ауданына барып, мәслихат депутаттарының келісімі бойынша жаңа әкім - Ахметқали Нұрғожинді таныстырдым. Ахметқали Ахашұлы жеті жыл бойы ол осы аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарды, аудан мәселелерін жетік біледі.
Сондай-ақ, аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқыладық. 2021 жылы басталған барлық жобалар аяқталатынын атап өткім келеді. Біз "Бір қабатты Шығыс" және "Бақытты Отбасы"бағдарламалары аясында көп балалы отбасылар үшін тұрғын үй құрылысын жалғастырамыз. Мемлекет агроөнеркәсіп кешеніне жан-жақты қолдау көрсетуде. Бородулиха ауданы үшін бұл өте маңызды, өйткені мұнда өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы жақсы қарқынмен дамып келеді. Шағын және орта бизнес жобаларына ерекше назар аударылатын болады.
Кездесу аясында елдегі қаңтар айындағы оқиғалар және болған оқиғаның қайталануына жол бермеу үшін қабылданатын шаралар талқыланды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, бейбітшілік, бірлік пен тұрақтылық барлық қазақстандықтар үшін басты құндылықтар болып қала береді.