
Бүгін аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Жарма ауданының жаңа әкімін таныстырдым. Бұл лауазымға Нұрымбет Сақтағанов тағайындалды. Ол әр жылдары облыс әкімінің орынбасары, Ұлан ауданының және Семей қаласының әкімі лауазымдарын атқарды. Нұрымбет Аманұлы өзін ауданның проблемалары мен міндеттерін нақты түсінетін жақсы басқарушы ретінде көрсете білді. Мен оның басшылығымен барлық әлеуметтік және экономикалық жобалар аяқталып қана қоймай, Жарма ауданы тұрғындарының әл-ауқатын жақсартатын жаңа идеялар жүзеге асатынына сенімдімін.