Өткен демалыс күндері Өскеменде Ольга Рыпакованың арнайы жүлдесіне жеңіл атлетикадан VII халықаралық чемпионат өтті. Оның есімімен аталған Манеж әлемдік стандарттарға сай келетінін айтып өткен жөн. Бұл жолы жарысқа Украинадан және еліміздің басқа өңірлерінен спортшылар келіп, бақтарын сынады. Өкінішке орай, соңғы жылдары чемпионат көрермендерсіз өтіп, шетелдік атлеттердің де саны аз. Бірақ кез - келген жағдайда, бұл іс-шара үлкен әлем чемпионаттарының алдында жаттығуға тамаша мүмкіндік береді. Біздің жеңіл атлеттеріміз жақсы нәтижелер көрсетіп, Қазақстанның және өздерінің жеке рекордтарын жаңартуда.Біз бұрыннан қалыптасқан әдістемелерді, сондай-ақ спортшыларды тәрбиелеудің мүлдем жаңа технологияларын меңгерген жаттықтырушыларды тұрақты оқытуды жүргіземіз. Жыл сайын балалар жеңіл атлетикамен көбірек айналысатыны қуантады, ол шын мәнінде бұқаралық сипатқа ие болуда, мен жұлдызды аспанда шығысқазақстандық спортшылардың жаңа есімдері жағылатынына сенімдімін. Оның үстіне, олардың керемет үлгісі бар - біздің даңқты жерлесіміз, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова.