
Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2022 жылғы 10 ақпанда сағат 11.00-де Өскемен қаласы, М. Горький көшесі 40 мекен-жайында (мәжіліс залы 108 каб.) қоғамдық тыңдаулар өткізетіндігі туралы хабарлайды.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау:
1) Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы мөлшерлемелері туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 19/220-VI шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешім жобасы;
2) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2022 жылға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулы жобасы;
3) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Тұқым шаруашылығын дамытуға 2022 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражаттарының көлемдерін бекіту туралы» қаулы жобасы;
4) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «2022 жылға арналған субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) тізбесін және 1 литрге (килограмына, грамына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын арзандатуға арналған субсидия көлемдерін бекіту туралы» қаулы жобасы;
5) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «2022 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалықтарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемдерін бекіту туралы» қаулы жобасы;
6) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «2022 жылға ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» қаулы жобасы;
7) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «2022 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулы жобасы;
8) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» қаулы жобасы.
Ақпарат алуға арналған байланыс телефоны: 87718516274
Нормативтік құқықтық актілердің жобалары келесі сайттарда жарияланған:
https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/documentshttp://www.maslihatvko.gov.kz