Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының 30 жылдығы

Қазақстан Республикасының  Ұлттық ұланының 30 жылдығы

Өскемендегі Ұлттық ұланның әскери бөлімінде болып, онда ҚР Ұлттық ұланының құрылғанына 30 жыл толуына арналған іс-шараларға қатыстым. Қаңтар оқиғалары кезінде біздің әскери қызметшілер азаматтық қоғам мен бейбіт тұрғындарды жанқиярлықпен қорғауға, өздерінің конституциялық борыштарын орындауға дайын екендіктерін тағы бір мәрте көрсетті.
Жауынгерлерге құрмет грамоталарын табыстап, сондай-ақ "Шығыс"өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілерін көтермелеу туралы бұйрыққа қол қойдым. Өз міндеттерін орындай отырып, қаза тапқан әскерилерді бір минут үнсіздікпен еске алдық. Біз олардың батылдығына бас иіп, ризашылық білдіреміз.