
Онлайн режімінде өткізілген әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысында үш сұрақ қаралды. Облыс әкімінің орынбасары Шәкәрім Буктугутовтың төрелігімен комиссия әлеуметтік әріптестік жөніндегі ШҚ облыстық үшжақты комиссияның 2022 жылға арналған жұмыс Жоспарын бекітті, сонымен қатар, облыстық кәсіпорындарда жалақы бойынша берешекті өтеу және зейнетақы жарналары мен және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектер деңгейін төмендету бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы мәлеметтер тыңдалды
ШҚО аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Қасымжанов Темірбек өз сөзінде әлеуметтік әріптестер назарын қолданыстағы облыстық үшжақты келісімде оң шешімін тапқан жағымды тұстарына аударды. Бұл – нақты сектор жұмыскерлерінің еңбек ақысын жылсайын индекстеу; бюджеттік саладағы біліктілігі жоқ қызметкерлерге сауықтыру жәрдемақысын төлеу; еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық техникалық инспекторларға қосымша ақы төлеу; «зардап шеккені туралы куәлігінің» жоқтығына қарамай, радиациялық қауіпті аймақтарда жұмыс істейтін жұмыскерлерге ай сайын қосымша өтемақы төлеу және қосымша ақылы демалыс беру және тағыда басқалар. Сөзін аяқтай келе, Қасымжанов Темірбек әлеуметтік әріптестердің басты мәселесі – тараптардың өздеріне қабылдаған міндеттемелерге сәйкес Келісімнің ережелерін бұлжытпай орындау екенін атап айтты.
Сонымен қатар, комиссия әлеуметтік-еңбек салаларындағы мәселелерді, облыстың кәсіпорындарында жалақы бойынша берешекті өтеу, сондай-ақ зейнетақы жарналары мен міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша қарыздарды азайту жөніндегі шаралар туралы мәселерлер қаралды.
БАК «ШҚО кәсіподақтар орталығы»
#kasipodaqkz
#СоцПартнерство
#ӘлеуметтікӘріптестік