Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму Министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 "Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды.
Жұмыс тобының сандық құрамы 7 адам деп анықталған.Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органның өкілдігі жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен аспау керек.Азаматтық қоғамның өкілдігі жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен екі бөлігінен аз емес болады және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматардың ұсынысы негізінде жасақталады.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты 2021 жылғы 20 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан жазбаша түрде, келесі құжаттармен қоса, Жұмыс тобының құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстар қабылдайды:
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жұмыс тобының мүшесіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;
3) кандидаттың кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
Құжаттарды қабылдау күн сайын, сенбі және жексенбі күндерінен басқа, жоғарыда көрсетілген мерзімде, М.Горький көшесі 40, 230 каб. мекенжайы бойынша сағ. 9.00-ден 18.00-ге дейін, сағ. 13.00-ден 14.00-ге дейінгі үзілісі бар уақытта, maslihatvko@mail.ru электронды поштасы арқылы жүргізіледі.