Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" және "Парыз"сыйлықтарының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде "Алтын сапа" конкурсының 15 жылдық тарихында 150-ден астам компания президенттік сыйлықтың лауреаты болғанын атап өтті. Осы жылдың салтанатты рәсімі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Биылғы жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағытындағы республикалық "Парыз" конкурсына қатысуға Шығыс Қазақстан облысынан "Жылдың үздік әлеуметтік жобасы", "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын", "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын", "Үздік ұжымдық шарт", "Экологияға қосқан үлесі үшін"номинациялары бойынша әртүрлі меншік нысанындағы 39 кәсіпорын өтініш бергенін атап өткім келеді.

Мен екі кәсіпорын ұжымые лайықты жеңістерімен құттықтаймын. Риддер қаласынлағы "Л-ТВК" ЖШС Орта және шағын бизнес субъектісі санатында "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын" номинациясында 2 орынды иеленді. Соңғы 3 жыл ішінде аталмыш кәсіпорында өндірістік жарақаттанудың бірде-бір фактісі тіркелген жоқ. Қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарымен толық көлемде қамтамасыз етілгенін айтып өткен орынды.
"Үздік ұжымдық шарт" номинациясында ірі бизнес субъектісі санатында 2-орынды "Үлбі металлургия зауыты" АҚ иеленді. Кәсіпорында әлеуметтік төлемдер мен медициналық қызметтерге 380 млн.теңгеден астам қаражат жұмсау жоспарланған. Тұрғын үй сатып алуға, несиені өтеуге пайызсыз несие қарастырылған.
Сондай-ақ, 2021 жылғы 28 қазанда өткен республикалық "Еңбек Жолы" байқауында жеңімпаз атанған Белогорцевтер Металлургтер әулетін құттықтағым келеді. Бұл отбасының 17 мүшесі Риддер қаласындағы "Қазмырыш" ЖШС-де жұмыс істейді. Отбасылық еңбек өтілі 300 жылдан астам.

Бүгінде ШҚО кәсіпорындары ел экономикасына үлес қосып қана қоймай, өз өңіріне үлкен әлеуметтік көмек көрсетуде. Тәуелсіздік күні қарсаңында мен жеңімпаздарымызды тағы да лайықты марапаттарымен құттықтағым келеді!!