Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілімен жергілікті атқарушы органдардың...

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілімен жергілікті атқарушы органдардың...

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілімен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында қызметтік әдеп нормаларын сақтауды түсіндіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы 

2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Р.А. Арыстанбектің тарапынан әр түрлі форматта (семинар-кеңестер, дәрістер, кездесулер, жеке қабылдаулар мен консультациялық кеңестер беру) қызметтік әдеп нормаларын сақтау, қызметтік қарым-қатынас және жұмыстан тыс уақыттағы стандарттар, стильдік киім кию үлгісі, іссапарларға шыққан кездегі нормаларды сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Ұжымдағы қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Өткізіліп жатқан іс-шараларға «Жаңару» Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры, Шығыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі – Ж.Н. Манақов белсенді қатысуда.

Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі