Шемонаиха ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні хабарлайды

 Шемонаиха ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні хабарлайды

Қазақтан Республикасының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 439-V Заңымен ратификацияланған, ЕАЭО-тың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналасының кейбір мәселелері туралы Хаттаманың 3-бабының 3-тармағына (бұдан әрі - Хаттама) сәйкес кедендік әкелу баждары тізбеде көзделген мөлшерлемелер бойынша төлене отырып, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдердің аумағынан әкелінген, тізбеге енгізілген және ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсіміне орналастырылған тауарлар Кеден одағының Кеден кодексіне сәйкес шартты түрде шығарылған тауарлар болып табылады.

Хаттаманың 3-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы басқа ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына Тізбедегі тауарлардың әкетілуіне жол бермеу бойынша қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.