Тұлғаның дамуы мен өмірді түсінуде Абайдың «Қара сөздері» кітабын оқып үйренеміз

 Тұлғаның дамуы  мен  өмірді түсінуде  Абайдың «Қара сөздері» кітабын оқып үйренеміз

Абай Құнанбайұлы ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазірғі  жазба әдебиетінің негізін салущы, ағартушы, Қазақстанның белгілі тұлғасы.

Шемонаиха  аудандық орталық кітапханасында тұлғаның  дамуы және өмірді  түсіну мақсатында  Абай  Құнанбайұлының «Қара сөздарі»  атты сабақ  өтті.  Іс- шара барысында қонақтар мораль , адамгершілік мәселелерін көтеретін бірнеше  қара сөздерімен  танысты. Абай сөздерінің маңыздылығын   және  қазіргі уақытта  адамның  өмірлік  ұстанымын қалыптастыруда  көмегі зор екенін айтып талқылады. Кітап  «адамзат мектебі» деген атауға лайық өмірлік мәртебесі жоғары деп  белгіленді.

«Біздің Абай» электронды кітапхана жайлы тұсаукесер көрсетілді. Бірнеше тілдегі кітаптар мен мультимедиялық басылымдар қойылған кітап көрмесімен   танысты. Электронды  ресурстарды пайдаланып, оқырмандар Абай өлеңдерін аса қызығушылықпен тыңдады.

Биыл ұлы ақынның шығармашылына арналған ақындық челлендж басталды. Оны бастаған 9-жасар Ләйлім  Рысқали. Ол  Президентіміз  Қасым-Жомарт Тоқаевты Абай өлеңін .жалғастыруға   шақырды. Іс- шараға қатысушылар челленджге қатысу идеясын қолдап, Абай өлеңдерін оқыды.