Достар, сіздің пәтерде қанша адам тіркелгенін қалай тексеруге болады

Достар, сіздің  пәтерде  қанша  адам  тіркелгенін  қалай  тексеруге  болады

ХҚКО-на бармай, сіздің пәтеріңізде тіркелген тұлғалар туралы анықтаманы алудың 2 жолы бар.

1 жолы: Телеграм-бот қосымшасы арқылы.

*Іздеу бағанында EgovKzBot тересіз

*Старт – Қызметтер тетігін басасыз;

* "Мекенжай бойынша тіркелген тұлғалар туралы мекенжай анықтамасы"»

Егер сізде бірнеше пәтер болса, тізім бойынша қажетті мекенжайды таңдай аласыз (1,2,3…)

*СМС кодты енгізіңіз;

Бірнеше минут ішінде поштаға сұрау салу арқылы анықтаманы алыңыз.

Ескерту* Сіздің телефон нөміріңіз «Мобильді азаматтар базасында» тікелген болуы қажет.

2 –ші жолы: egov.kz электронды порталы арқылы:

*egov.kz порталына авторлану керек

* «Азаматтар» бөлімінен  - Жылжымайтын мүлік  - Тұрғын үй қатынастары – «Мекенжай бойынша тіркелген тұлғалар туралы мекенжай анықтамасын беру» қызметін таңдау керек;

Сондай-ақ, іздеу бағанында қызметтің атауын жазуға болады.

·         «Қызметті алу»

·         «Жылжымайтын мүлік объектісін таңдау»

·         Өтінімге ЭЦҚ қол қою

·         Жеке кабинетте өңделген анықтамамен танысу. 

Ескерту: *ЭЦҚ бар болуы қажет.

Әсерлерімен бөлісуді ұмытпаңыз!