Шемонаиха ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы келесі мәліметтіхабарлайды: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Заңының 57-3-бабына және Қазақстан Республикасының Президентімен 2019 жылдың 4 шілдесінде қол қойылған жеке тұлғаларға салықтық рақымшылықты өткізу қарастырылған Заңға сәйкес,2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есептелген өсімпұл сомаларын есептен шығару және 2018 жылғы мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттерді қоспағанда, төлеген күніне дейінгі, оны төлеу күнін қоса алғанда 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңінде салық міндеттері бойынша туындаған бересі сомасына есептелген өсімпұл сомаларын, сондай-ақ 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он бес жылдан астам дербес шотта есептелген бересі сомаларын және оны есептен шығару күніне дейінгі, көрсетілген бересі сомасына есептелген өсімпұл сомаларын есептен шығару жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылдың аяғына дейін негізгі борышты төлеген жағдайда өткен жылдардағы салықтық міндеттемелері үшін өсімпұлдар есептен шығарылады. Салық төлеушілерге бұл үшін ешқайда барудын қажеті жоқ, мемлекеттік кіріс органдары күн сайын жеке тұлғалардың дербес шоттарының жай-күйіне мониторинг жүргізеді және негізгі борышты төлеген кезде өсімпұлды есептен шығару туралы тиісті шешім шығарады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kzинтернет-ресурсында «Салықтық берешектін бар/немесе жоқ туралы мәлімет» сервисі іске қосылған, ол үшін Сіз өзініздің жеке сәйкестендіру нөмірініз (ЖСН) арқылы онлайн-режімде салықтық берешегініздің бар немесе жоқтығы туралы аңық мәлімет алуынызға болатының хабарлаймыз. Белсенді сілтеме http://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web сервисінде.
Нақтырақ мәліме үшін 8(72332)3-25-18 телефоны бойынша Шемонаиха ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына хабарласуыныз қажет.