ХҚКО-на бармай, сіздің пәтеріңізде тіркелген тұлғалар туралы анықтаманы алудың 2 жолы бар.
1 жолы: Телеграм-бот қосымшасы арқылы.
*Іздеу бағанында EgovKzBot тересіз
*Старт – Қызметтер тетігін басасыз;
* "Мекенжай бойынша тіркелген тұлғалар туралы мекенжай анықтамасы"»
Егер сізде бірнеше пәтер болса, тізім бойынша қажетті мекенжайды таңдай аласыз (1,2,3…)
*СМС кодты енгізіңіз;
Бірнеше минут ішінде поштаға сұрау салу арқылы анықтаманы алыңыз.
Ескерту* Сіздің телефон нөміріңіз «Мобильді азаматтар базасында» тікелген болуы қажет.
2 –ші жолы: egov.kz электронды порталы арқылы:
* egov.kz порталына авторлану керек
* «Азаматтар» бөлімінен - Жылжымайтын мүлік - Тұрғын үй қатынастары – «Мекенжай бойынша тіркелген тұлғалар туралы мекенжай анықтамасын беру» қызметін таңдау керек;
Сондай-ақ, іздеу бағанында қызметтің атауын жазуға болады.
· «Қызметті алу»
· «Жылжымайтын мүлік объектісін таңдау»
· Өтінімге ЭЦҚ қол қою
· Жеке кабинетте өңделген анықтамамен танысу.
Ескерту: *ЭЦҚ бар болуы қажет.
Әсерлерімен бөлісуді ұмытпаңыз!
