Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы  Б.К. Қаджиақпаров Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізді.

Өз баяндамасында Б.К. Қаджиақпаров сыбайлас жемқорлық  мемлекеттік басқарудың тиімділігін және мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын азайтуға әкеп соғатындығын, әлеуметтік  экономикалық дамуды тежейтіндігін түсіндірді.

Мемлекеттік қызметшілердің ешкімге материалдық жағынан тәуелді болмай, сыбайлас жемқорлық әрекеттерге бармай, мемлекеттік қызметті адал атқаруға міндетті, екенін атап өтті.

Сонымен қатар, мемлекетіміздің сот жүйесінде  өткізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы және аталған тақырыпта сотта өткізіліп жатқан шаралар түрлеріне тоқталды.

Дөңгелек үстел соңында барлық туындаған сұрақтар бойынша қатысушыларға түсініктемелер берілді. 

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі