«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу ерекшеліктері» тақырыбындағы семинар

«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу ерекшеліктері» тақырыбындағы семинар

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Б.К. Қаджиақпаровпен «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбында сот кеңсесінің мамандарына семинар сабағы өткізілді.  

Семинар барысында соттың төрағасы мемлекеттік органдар да, ұйымдар да және Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару органдарында мемлекеттік тіл жұмыс және іс жүргізу тілі болып табылатының атап өтті. Қазақша мен бірге ресми түрде орыс тілі тең қолданылады. Азаматтардың арыздарына, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар жауаптарды мемлекеттік тілде немесе өтініш берілген тілде берілетіні туралы сөз қозғалды.

Сонымен қатар, соттың төрағасымен қатысушылардың назарын жолдама хаттар мен жедел жиналыстардың хаттамаларын мемлекеттік тілде толтыру ережелері мен тәртібіне, грамматикалық және емле қателіктерін болдырмауға, стилистикалық үлгілердің сақталуына назар аударды.