Биыл тағыда дәстүр бойынша Шығыс Қазақстан "Қазақстан оқушысы – 2019» велосипед спорты бойынша танымал жарысқа қатысушыларды қабылдады.

Осы жылы спорттық іс-шара 50-ші рет өткізіліп отырғандықтан бұрынғыдан да зор маңызға ие. Жарыс 2019 жылдың 9-15 тамыз аралығында күрделілік деңгейімен ерекшеленетін жеті кезеңде өтетін болады. Ұйымдастырушылар ҚР БҒМ дене шынықтыру Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Қазақстан велосипед спорты федерациясы» РҚБ, және ШҚО әкімдігі.

Айта кету керек, өткізілген веложарыстың негізгі мақсаты – оқушылар арасында велосипед спортын насихаттау, шет елдермен достық халықаралық спорттық байланыстарды нығайту болып табылады.

Мерейтойлық веложарысқа республиканың барлық өңірлерінен, сондай-ақ Монако,Ресей, Өзбекстан сияқты басқа елдерден 130 жас спортшы қатысады. Жарыстың салтанатты ашылуы 10 тамыз күні өтті.

Жарыстың барлық кезеңінде жол полициясы, жедел медициналық көмек, қолдау машиналарын алып жүру ұйымдастырылады.