Аудан әкімі құрылысшыларды құттықтады

Аудан әкімі құрылысшыларды құттықтады

Жарма ауданындағы Шар қалалық мәдениет үйінде Құрылысшылар күніне арналған мерекелік шара өтті. Жасампаз еңбек иелеріне құрмет көрсетуге арналған жиынға аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин қатысып, құрылысшылар қауымын құттықтады.

Аудан басшысы лауазымына кіріскеніне 100 күн болған Ахметқали Ахашұлы өткен мерзімде әр салада, округтерде тұрғындардың түрлі санаттарымен кездесулер өткізіп, ортақ міндеттердің орындалуына назар аударып, мәселелерді бірлесе талқылауда.

Мерекелік шара барысында аудан әкімі құрылыс саласының ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы орнына тоқталып, өңірдің көркеюіне өз үлестерін қосып жүрген еңбек адамдарына алғысын білдіріп, қиын да қажырлы жұмыстарына табыс тіледі.

Кәсіби мереке аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасымен аяқталды.