• тоқ көзіне қосылған электр аспаптарын қараусыз қалдыруға болмайды;
• балаңызды үйде жалғыз қалдырмаңыз;
• розеткалардың бітелгендігіне көз жеткізіңіз;
• газ плитасын және сіріңкені баланың қолдануының алдын алыңыз;
Ересектердің қарауынсыз балалардың сіріңке ұстауына, от жағуына жол бермеңіз. Мұның қауіпті екендігін түсіндіріңіз. Төтенше жағдайлар кезінде жедел құтқару қызметтерін шақыртатын «101» және «112» нөмірлерін балаларыңызға үйретіңіз. Әрбір бала мұны білуі керек.