Құрметті жерлестер!!!

Құрметті жерлестер!!!

Бүгін Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта күні аталып өтуде. Яғни барлық қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Ұлттық валютамыз – егемендіміздің басты нышаны екендігі белгілі. Бұл күннің де өзіндік тарихы бар. 1993 жылғы 15 қараша күні ұлттық валюта – теңгеміз алғаш айна¬лымға енді. Осы жылдар аралығында Қазақстанның валютасы халықаралық нарықта мойындалып, «ең әдемі» номинациясында бірнеше мәрте жеңімпаз атанды.

Барлық қазақстандықтарды және қаржы саласының қызметкерлерін аталмыш мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Ел экономикасының қаржылай ахуалының нығаюы жолындағы істеріңізге береке берсін.
Отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге та¬быс тілеймін! Ұлттық теңгеміздің мәртебесі арта берсін!