ҚР ІІМ ТЖК КТИ Өскемен қаласының Оқыту орталығының негізінде Өскемен қаласында Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды аудандарынан 60 тыңдаушы оқып жатыр. Орталықтың оқытушыларының бастамасы бойынша алғашқы өрт сөндіру даярлығынан басқа, болашақ өрт сөндірушілер мен құтқарушылар адамгершілік және Отан сүюшілік тәрбие негізін сіңіреді. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің аумағында салтанатты шара ұйымдастырылып, қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған қызметкерлер Мемориалына гүл қойылды.
Шараға Шығыс Қазақстан облысы өртке қарсы қызметінің ардагерлері Майдан Қадылбекұлы Аубакиров және Александр Степанович Кодубенко, «ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ басшылығы шақырылды. Ардагерлер өзінің қызметін енді бастаған қызметкерлерге айтқан сөздерінде өртке қарсы қызметінің құрылу тарихына саяхат жүргізіп, одан әрі қызметтеріне ақ тілек білдірді.
ҚР ІІМ ТЖК КТИ Өскемен қаласының Оқыту орталығының бастығының міндетін атқарушысы Тоқсеитов Қайраттың сөзі бойынша «Патриоттық тәрбие 2 буып: ардагерлер мен жас офицерлер мен ТЖ қызметкерлері арасындағы ерекше қарым-қатынассыз мәні жоқ. Осыдан өзегі жеке тұлғаны мақсатты тәрбиелеу болып табылатын, тәрбие процесінің жалпы заңдылығы көрінеді. Бүгінгі шараның мақсаты оқушыларда Отан сүйгіштік, азаматтылық, жауапкершілік, қоғамға қызмет ету мен оны қорғау сезімін қалыптастыру болып табылады».







Өскемен қ. ТЖБ ақпараты