2019 жылдың 1 - 9 тамызы аралығында Семей қаласында «64» және «100» дойбы бойынша ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты өтті. Жарыстың бас төрешісі Таукенов Дарубай Құрмашұлы дойбыдан ұлттық дәрежедегі төреші. Жарысқа еліміздің 8 аймағынан 70-тен астам қатысушы қатысты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің дипломдарымен және медальдарымен марапатталды.
Дене шынықтыру және спорт бөлімі