
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаевтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Іс-шараға ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Ж.Е. Байділдин, қала мен аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары және «Шығыс-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы қатысты.
Кеңес барысында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы талқыланды. Облыстың қала мен аудандарында сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың өңірлік индексін шығарды және облыс әкімі Д.Ахметов бекіткен 2021 жылға арналған парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі кешенді жоспарды орындау бойынша аудан әкімдері тыңдалды.
«Аталған шараларды іске асыру мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындығы деңгейін айтарлықтай арттырады, қоғамдық бақылау әлеуетін күшейтеді, мемлекеттік басқарудың маңызды салаларында жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қысқартады», - деп атап өтті Ж. Байділдин.
Бұл жұмыс қоғам белсенділерін кеңінен тарта отырып, жаңа форматта жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, облыс ұйымдарында комплаенс-қызметтерді құру қажеттілігі туралы жеке атап өтілді. «Олар мемлекеттік және жеке сектордағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген түрімен тиімді күресуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары.
Кеңес соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаев мемлекеттік органдардың барлық басшыларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтау туралы ескертті және бірқатар нақты тапсырмалар берді.