Облыстың терроризмге қарсы комиссиясының қызметін қамтамасыз ету бөлімі аумақтық ұлттық қауіпсіздік комитеті

Облыстың терроризмге қарсы комиссиясының қызметін қамтамасыз ету бөлімі аумақтық ұлттық қауіпсіздік комитеті

Облыстың терроризмге қарсы комиссиясының қызметін қамтамасыз ету бөлімі аумақтық ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полиция департаменттерінің қызметкерлерімен бірге, 2962 адамды қамти отырып, өнірдің 73 ұйымына «Объект аумағында күдікті адамдар мен заттар табылған жағдайдағы басшылығының/персоналының іс-әрекет алгоритмі» (бұдан әрі - Алгоритм) тақырыбында сабақтар өткізді.

Бұдан басқа, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасымен бірлесіп ZOOM-конференция форматында 809 білім беру ұйымдарының (балабақшалар, орта мектептер, мектеп-интернаттар, балалар үйлері, колледждер) басшылары және персоналымен семинар ұйымдастырылып, өткізілді.

Аталған жұмыс тұрақты және ақысыз негізде жүргізіледі.

Сіздің объектіңіздің қызметкерлері үшін іс-әрекет Алгоритмі бойынша семинар өткізу үшін 8-7232-71-31-26, 71-31-27 телефондары арқылы облыстың терроризмге қарсы комиссиясының қызметін қамтамасыз ету бөліміне хабарласу қажет.