Терроризмге қарсы жаттығу

Терроризмге қарсы жаттығу

2021 жылдың 08 қазанында Өскемен қаласында терроризмге қарсы жаттығу өткізілуде.

Оқу - жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілерде террористік жағдайдың өрбуіне байланысты жедел қимылдау шаралары пысықталуда.

Сонымен қатар, бірқатар шектеу шаралары, соның ішінде көлік құралдарының қозғалысындағы шектеулер қарастырылған.

Өскемен қаласы тұрғындарын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын және мемлекеттік органдардың заңды талаптарын сақтауға шақырамыз.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық жедел штабы.