
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 16-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі 2021 жылы квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелер құру бойынша жұмыс ұйымдастырды, олардың негізгі міндеті тиісті ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі уақытта комплаенс-қызметтер (немесе комплаенс-офицерлердің міндеттерін жүктеу) ведомстволық бағыныстағы 175 ұйымда құрылған.
8-29 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаментімен (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бірлесіп, ШҚО әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысының 2021 жылғы 10 тамыздағы № 2 хаттамалық шешімінің 1.1 тармағын орындау шеңберінде ZOOM режимінде мемлекеттік органдар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жұмысын ұйымдастырудың квазимемлекеттік секторының өкілдерін оқыту бойынша семинарлар өткізу ұйымдастырылды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің әдістемелік аспектілері» тақырыбындағы оқыту курсын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры, психология ғылымдарының кандидаты-Сергей Эдуардович Ковалев жүргізді.
Оқытуға: мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры Демеуова Айгүл Амангелдіқызы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс қазақстан облысы бойынша вице-ректоры, экономика ғылымдарының докторы Көшербаева Айгүл Биделбайқызы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер орталығының өкілі Қабылдин Айбек, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің өкілдері қатысты.
Оқыту курсынан квазимемлекеттік сектордың 375 өкілі өтті.