Ағымдағы жылғы 24 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясы және Қазақстан жоғары оқу орындары...

Ағымдағы жылғы 24 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясы және Қазақстан жоғары оқу орындары...

Ағымдағы жылғы 24 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясы және Қазақстан жоғары оқу орындары Қауымдастығы арасындағы серіктестігі негізінде Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» атты Интернет-олимпиада өткізілді.

Конкурсқа Қазақстан Республикасы университеттерінің 352 студенті қатысты.

Ұлттық қазылар алқасы қатысушылардың баяндамаларын кәсіби сарапшылардың қатысуымен әзірленген критерийлер бойынша бағалады. Бұл ретте қазылар алқасы бірауыздан баяндамашы студенттердің зияткерлік және аналитикалық әлеуетін, аргементтерді келтіруді, сөйлеу кезіндегі логикалық көзқарастарына ерекше атап өтті.  

Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» атты Интернет-олимпиаданың Ұлттық қазылар алқасының шешімімен жеңімпаз болып, Қазақстан-Американ Еркін университетінің студенті Дрепин Вадим танылды.

Құттықтаймыз!!!