Мен Қазақстанның патриотымын

Мен Қазақстанның патриотымын
Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде тұрақты оқырмандардың қатысуымен  «Мен Қазақстанның патриотымын!» атты әдеби караоке өткізілді. 
ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталған шара басында кітапханашы «патриот» сөзінің мән-мағынасы туралы түсінік беріп өтті. Шараға қатысушы оқырмандар патриотизм туралы сұрақтарға жауап бере отырып, патриоттарға қандай қасиеттер тән екенін, жас ұрпақты болашақта қандай өзгерістер мен сынақтар күтіп тұрғанын, өзін тұлға ретінде сақтап, өз Отанының патриоты болу үшін қандай жол таңдау керектігін талқылады.
Шараға қатысушы оқырмандар өз ойларын қағаздан дайындалған жапырақтарға жазып, оларды ағаш макетіне бекітті. Ребустардың, әр түрлі суреттердің көмегімен «Мақалды тап!» ойыны ұйымдастырылды.
Балалар М. Мақатаевтың «Отан туралы», С. Торайғыровтың «Туған еліме», Ж. Нәжімеденовтің «Менің елім» өлеңдерін мәнерлеп оқып, жас ақындардың өлеңдері бойынша құрастырылған  «Жастар болашақты жырлайды» атты бейнероликті тамашалады.
Шара соңында караоке арқылы «Елім менің», «Атамекен» және т.б. патриоттық әндер орындалып, «Мен - елімнің патриотымын» атты кітап көрмесінде ұсынылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.  
 
 
Қалалық орталық кітапхана

 

 
Я - патриот Казахстана