2019 жылғы 2 тамыз күні Төменгі Тайынты ауылындағы «Болашақ» сауықтыру лагерінде Арыс қаласынан келіп демалып жатқан 48 оқушы «Ақбауыр» археологиялық кешенде, Өскемен қаласындағы Этнопаркте болып қайтты.
Балалар Ақбауырдағы гранит массивінің жанында осы жерге қонған ғарыш кемесінің түсу сәтін сипаттайтын таңбалар мен белгілер сақталған үңгірде болып, тілектерін тіледі. Этнопаркте де мұражай қызметкерлері балаларды қарсы алып парк аумағында экскурсия өткізді, Этноауылда орналасқан түрлі ұлт өкілдерінің тұрмыстарымен танысты. Паркте балаларға тәтті балмұздақтар,сусындар таратылды. Балалар өте керемет көңіл күймен лагерьге қайтты.







«Ұлан ауданының білім бөлімі» ММ
Әдіскер Аубакирова А.