Пресс-марафон«Жолдаудың жолдарынан»

Пресс-марафон«Жолдаудың жолдарынан»
Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері «Нұрсәуле» балабақшасында ұжым қызметкерлері үшін «Жолдаудың жолдарынан» атты пресс-марафон өткізді. 
Кітапхана қызметкері сөз басында ҚР Тұңғыш Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттырудың жаһандық стратегиясы болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар, Елбасының тек мақсат қана қоймай, нақты міндеттер мен оларды жүзеге асыру жолдарын да айқындағанын жеткізді.
Шара барысында қатысушылар құжаттың негізгі тармақтарын оқып, Жолдаудың маңызды басымдықтарын талдай келе, халықтың өмір сүру деңгейінің өсуі, мектепке дейінгі білім беру сапасы және орта білім беру жүйесі туралы егжей-тегжейлі талқылады.
Соңында ҚР Тұңғыш Президентінің Жолдауы барлық азаматтар үшін және жалпы ел үшін жаһандық сын-қатерлерді еңсерудің жаңа жолдары мен мүмкіндіктерін анықтап бергені баса айтылып, «Жолдаудың жолдарынан» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге шолу жасалды.
 
 
Қалалық орталық кітапхана
Пресс-марафон«Жолдаудың жолдарынан»