Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында тұрақты оқырмандар үшін «Менің өлкем - менің мақтанышым» атты поэзиялық лабиринт өткізілді.
Шара кітапханашының Семей қаласының тарихы жайлы әңгімесімен басталып, қатысушылар қонақжай қаламыздың тарихи орындарына виртуалды саяхат жасап, көшелеріне серуендеп, көрікті жерлерін қызыға тамашалады.
Жалғасында шара қонақтары туған өлкемізді жырға қосып жүрген жергілікті ақындардың өлең жинақтарымен танысып, тыңдауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, шара қатысушылары кіші Отан, туған үй, туған жер туралы жас ақындардың өлең шумақтарын оқыды.
Сондай-ақ, оқырмандар өлкеміздің тарихы мен дәстүрлеріне арналған викториналық ойынға қатысып, өздеріне көптеген қызықты ақпараттар алып, білгірліктерін тексерді.
Поэзиялық лабиринт «Туған қалам, Семейім» әнін шырқауымен аяқталды.
Қалалық орталық кітапхана